"Батыр" тұқымдық сортын комбайнмен ору науқаны басталды


Жаңалықтар

"Батыр" сортының сабақты зақымдайтын, сондай-ақ, құба зеңге, тозаңды қаракүйеге төзімділігі -орта деңгейде, қысқы суыққа және құрғақшылыққа өте шыдамды, шабындықта ұзақ жылдар сақталады.
[hide][/hide]А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында "Батыр" кеңмасақты еркекшөп тұқымын комбайнмен ору науқаны басталды.

"Батыр" кеңмасақты еркекшөбі көктемгі қаулап шыққан шағында жердің үстіңгі қабатындағы бөлігі тез әрі күшті боп өседі. Пішенге әзір боп, пісіп-жетілгенге дейінгі өсіп-өну кезеңі (бір рет гүлдеу мерзімі) — 48-65 күнді, тұқымы жетілгенге дейінгі кезең 87-98 күнді құрайды.
"Батыр" сортының сабақты зақымдайтын, сондай-ақ, құба зеңге, тозаңды қаракүйеге төзімділігі — орта деңгейде, қысқы суыққа және құрғақшылыққа өте шыдамды, шабындықта ұзақ жылдар сақталады. Орып алуға да, жайылым ретінде пайдалануға да болады.

Көк шөбінің орташа шығымдылығы гектарына 90,5 центнерге дейін, кептірілген шөп күйінде — гектарына 47,1 центнерге дейін жетеді, тұқымдық өнімділігі гектарына 2,0-3,5 центнер аралығында болады. Жапырақтары сабақта тепе-теңдікпен орналасады, жапырақтың үлесі — 41,0 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы — 2,7 г.

Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі — 11,1-12 пайыз аралығында, шикі клетчатка — 28,0-29,5 пайыз, сіңімді протеин — 5,8-6,2 пайыз, ауыспалы қуат — 9,25 мДж, азықтық бірлік — 0,69 кг/кг.

Сорт 1992 жылы Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО жыл сайын жемшөп өндірісін дамыту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге "Батыр" сортының бірегей тұқымдарын ұсынады.
скачать dle 12.0
930 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх