Астық қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр


Жаңалықтар
2019 жылы астық қоймасында тұқым сақтауға арналған 3 жаңа ангар салынды. Әрбір ангардың сыйымдылығы 800 тонна.А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы жаңа егіннің тұқымдарын өңдеу және сақтау үшін аумақты кеңейту мақсатында астық қоймасында жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастады.
Дәнді дақыл қоймасы аумағында асфальтталған төсемнің жалпы ауданы 6.700 м2 құрайды. 2018 жылдың қыркүйек айында астық жинағыштың 3.500 м2 аумағына асфальт төселген.
Сондай-ақ астық қоймасы аумағындағы қоймаларға кіру үшін автожол салу жоспарлануда (жол төсемінің ені 8 метр, ұзындығы 75 метр).
Астық қоймасында 2 таразы, бірі механикалық, екіншісі электрондық таразы бар. Электрондық таразылар 2019 жылы орнатылды, олардың жүк көтергіштігі 80 тоннадан асады.
2019 жылы астық қоймасында тұқым сақтауға арналған 3 жаңа ангар салынды. Әрбір ангардың сыйымдылығы 800 тонна. Жалпы аумақта он қойма орны бар.
Үш қойманың шатыры жөнделіп, едендері (1.000 м2 көлемінде) бетондалған.
Айта кету керек, ағымдағы жылы астық техникасының жаңартылуы жүргізілуде. Астық жинаудан кейінгі механикаландырылған өңдеу үшін 50 дана (астық меті, комбайн, тиегіш, трактор, арба) жаңа техника сатып алынды.
Астық қамбасын жөндеу мен техниканы жаңарту жұмыстары биылғы жылы тұқымдық материалды уақтылы және сапалы өңдеуге мүмкіндік береді.скачать dle 12.0
1 112 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх