АШҒӨО-да селекционерлер жаздық бидайды будандастыруды аяқтады


Жаңалықтар
Бұл генетикалық әртүрлілікті арттыру және тұтастай алғанда селекцияның жарқын келешегі үшін де маңызды.

Сорт- өсімдік шаруашылығы тиімділігін анықтаушы факторлардың бірі және астық өндірісінің ең арзан және келешегі зор құралы. Қазіргі заманғы селекциялық бағдарламалар экологиялық-географиялық алыс нысандарды кеңінен пайдалана отырып, жаңа бастапқы материалдарды мақсатты түрде жасауды көздейді. Бұл генетикалық әртүрлілікті арттыру және тұтастай алғанда селекцияның жарқын келешегі үшін де маңызды.

Жаңа сортты құруға бағытталған жаздық бидаймен селекциялық жұмыстың бірінші кезеңі түр ішілік будандастыру процесі екені анық.2019 жылы гибридизациялау питомнигінде әртүрлі экологиялық-географиялық текті: АҚШ, Канада, Австралия, Ресей, ОАР, Ауғанстан, Украина, Үндістан, Қытай, Қазақстан және т.б. елдерден алынған 180 ата-аналық нысан егілді.  Cелекционерлер жоғары экологиялық пластикалық және сыртқы ортаның биотикалық және абиотикалық факторларына төзімді генотиптерді алу мақсатында жаздық бидайды будандастырудың 400-ден астам комбинациясын өткізді.

скачать dle 12.0
969 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх