АШҒӨО-да «Neo Nomad» іскерлік ойыны өтті


Жаңалықтар
Шараға Ақмола облысының 50-ден астам фермері қатысты.


Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру жөніндегі талап қойған еді. Бұл міндеттерді орындап, саланың серпінді дамуының бірден-бір жолы – агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру.

Жоғарыда айтылған АӨК-ті цифрландыру аясында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы өзінің тәжірибелі егістіктерінде нақты егіншіліктің озық технологияларын қарқынды енгізіп жатыр. Нақты егіншілік  элементтерін енгізу арқылы фермерлер өз өндірісінің тиімділігін айтарлықтай жақсартып алар еді.

Егістіктің электрондық карталары, ауа райы туралы нақты деректер, датчиктер мен сенсорлар, космомониторинг және басқа технологиялық шешімдер тыңайтқыштар мен қорғаныс құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін орташа есеппен 15%-ға арттырады.

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы тәжірибелік егістіктердегі жақсы нәтижелерді ескере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кезекті «Neo Nomad» іскерлік ойынын ұйымдастырды. Шараға ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Арман Евниев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» басшысы Ұлан Тәжібаев қатысты.

Ойын фермерлік шаруашылықтардың өкілдері, ғалымдар, аграрлық университеттердің студенттері, сондай-ақ нақты егіншілік саласында өнімдерін ұсынатын компаниялар, аудандық мемлекеттік құрылымдардың 50-ден астам өкілінің басын қосты. Сонымен қатар жиналған қонақтар Бараев орталығының нақты егіншілік жүйесі қолданылатын егістерге барып, әртүрлі техникамен танысты.

Шара барысында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Кенже Абдуллаев орталығымызда іске асып жатқан нақты егіншілік туралы республикалық және аймақтық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.скачать dle 12.0
1 776 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх