Фермерлер Бараев орталығының сұрыптарын таңдайды


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы жүргізіп отырған жұмыстың бір бағыты – еліміздің климатына төзімді, көп өнімділік беретін, бағасы тиімді, сапасы жоғары сорттар жасап шығару.

Ақмола облысының бірқатар фермерлері АШҒӨО ғалымдарының селекциялық жұмыстарының нәтижесінде пайда болған сорттарын кеңінен пайдаланып, мол өнімге кенеліп отыр. Солардың бірі – Аршалы ауданындағы «Ақтасты» ЖШС.

«Біздің шаруашылықта 3,5 мың гектар жерге бидайдың Ақмола-2 және Астана-2 сұрыптарын пайдаланамыз. Себебі олардың сапасы өте жоғары», - дейді аталған шаруашылық агрономы Сергей Годунь.

Бараев орталығының сорттарын қолданып жатқан тағы бір шаруашылық - Шортанды ауданындағы «Новокубанское» ЖШС.
«Біз 40 мың гектарға жуық жерге дәнді, дәнді-бұршақты және дақылдар өсіреміз. Өз шаруашылығымызда Бараев орталығы жасап шығарған Ақмола-2, Астана-2, Омбы-36 және Корона сияқты сұрыптарын пайдаланып келеміз. Бұл сұрыптар өте сапалы, бізге бәрі ұнайды», - дейді шаруашылықтың бас агрономы Надежда Носачева.скачать dle 12.0
1 483 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх