KAZ | RUS | ENG

Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының өкілдері А.Бараев атындағы АШҒӨО болды


Мультимедиа / Бейнелер

Ислам азық-түлік қауіпсіздігі үйымының өкілдері А:Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды. Шетелдік делегацияны Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының төрағасы, қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекшісі Абдульазиз Альхоуаиш (Сауд Арабиясы Корольдігі) бастап келді. Делегация құрамында Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымына мүше-елдердің өкілдері, Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің халықаралық қарым-қатынас департаментінің бас директорының орынбасары Ахмет Волкан, Бангладештің азық-түлік министрлігінің өкілі Молла Абдуль Азиз, Буркина-Фасо азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық кеңесінің атқарушы хатшылығының техникалық ассистенті Зеба Момини, Нигерия Республикасы, 3 бастама Жоғарғы Комиссарының техникалық кеңесшісі Саидоу Агали Абоуба, Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысының экс-ассистенті Хамид Опелоеру болды.
Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы делегациясының мүшелері АШҒӨО ғылыми-зерттеу қызметінің мүмкіндіктерін жоғары бағалады және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.


скачать dle 12.0
93 -рет қаралды

Басқа да


Добавить комментарий

Кодты жаңалау үшін егер ол дұрыс көрінбей тұрса суреттің үстінен шертіңіз

Наверх Наверх