А.И.Бараев атындағы АШҒӨО KazAgro және KazFarm халықаралық көрмесіне қатысуда


Жаңалықтар
Бүгін «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібіне арналған Х мерейтойлық «KazAgro» және «KazFarm» көрмесіне қатысып жатыр.

Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптары, әлемдік тектік қордың негізінде 17 ауыл шаруашылығы дақылының селекциясы, астық, бұршақ дәнді, майлы, жарма және азықтық дақылдардың ерекше тұқымдарының өндірісі мен саудасы, жерлерді агрохимиялық зерттеу, нақты егіншілік, сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен ауыл шаруашылық жерлердің ақпараттық суреттерін ала отырып ауыл шаруашылығын цифрландырудың мүмкіндіктері мен алқаптардың жоғары сапалы цифрлы карталарын алу әдістеріне баға беріп, кеңірек танысуға мүмкіндік бар.А.И.Бараев атындағы АШҒӨО «Көрме» көрме кешенінің «Үлкен галерея» залындағы G20-шы орынға жайғастырылған. Көрме 23 -25 қазанда, сағат 10.00-18.00 аралығында өтеді.
скачать dle 12.0
158 -рет қаралды

Басқа да


Добавить комментарий

Кодты жаңалау үшін егер ол дұрыс көрінбей тұрса суреттің үстінен шертіңіз

Наверх Наверх