АШҒӨО басшысы америкалық әріптестерімен өзаратиімді ынтымақтастық жайын талқылады


Жаңалықтар
"KazAgro-2019" және "KazFarm-2019" халықаралық көрмесі барысында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС бас директоры, академик Кенже Абдуллаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдері: АҚШ елшілігінің ауыл шаруашылығы атташесі Тимоти Хариссон және АҚШ елшілігінің ауыл шаруашылығы жөніндегі маманы Жамал Жармағамбетовамен кездесті. 
Кездесуде А.И.Бараев атындағы Ғылыми-өндірістік орталықтың АҚШ-тың Valmont, Tyson трансұлттық компанияларымен және Техас университетімен ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Америкалық серіктестер аграрлық салада үздік тәжірибелер мен заманауи технологиялар трансфері бойынша ынтымақтасуға және белсенді жұмыс жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізді.
скачать dle 12.0
98 -рет қаралды

Басқа да


Добавить комментарий

Кодты жаңалау үшін егер ол дұрыс көрінбей тұрса суреттің үстінен шертіңіз

Наверх Наверх