Кенже Абдуллаевтың "Қазақ радиосына" берген сұхбаты


Жаңалықтар


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлген болатын.

Бүгінде астық экспорттауда әлемде алдыңғы қатарлы елдің санатына кіретін Қазақстан үшін егін шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Елордамыздың іргесіндегі Шортанды ауданында орналасқан «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің еліміздегі егін шаруашылығы саласын өркендетуге елеулі үлес қосып отырғанын айта кету керек.

Институт еліміз бойынша нақты егіншілік жүйесін дамытуды кешенді түрде бастаған бірден-бір аграрлық ғылым ордасы. Олай болса, астық шаруашылығы саласында ғылымды тәжірибемен ұштастырып келе жатқан орталықтың бүгінгі хал-ахуалы қандай? Жалпы егіншілік шаруашылығындағы жағдай қалай, сондай-ақ тұқымның түрі мен сапасын арттыруда қандай жұмыстар атқарылуда? Жаңа технологияны, цифрландыруды енгізуде нендей жаңалықтар бар? Осы және басқа да сұрақтарға "Қазақ радиосына" сұхбат берген едім.

Сұхбатты тыңдау үшін: https://qazradio.fm/kz/news/15502/
скачать dle 12.0
53 -рет қаралды

Басқа да


Добавить комментарий

Кодты жаңалау үшін егер ол дұрыс көрінбей тұрса суреттің үстінен шертіңіз

Наверх Наверх