Бараев орталығында Елбасы Жолдауы талқыланды


Жаңалықтар
Бүгін А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға байланысты көтерілген ауқымды мәселелерді талқылау мақсатында арнайы жиын өтті.
Орталық ұжымы Агроөнеркәсіптік кешеннің даму болашағы туралы сөз қозғап, пікір білдірді. Бараев орталығының Ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі Алдаберген Қияс өз ойын ортаға салып: «Мемлекет басшсы биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек екенін айтты. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Осыған орай елімізге замануи агротехникаларды ауқымды түрде тартып, икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек екені айтылған», - деді.

«Елбасы халыққа арнаған Жолдауында агроөнеркəсіптік кешенге арнайы тоқталып, осы саланың бүкіл əлеуетін толығымен пайдалану керектігін айтты. Биылдан бастап А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында 3 мың гектар жерде дəлме-дəл егіншілік жобасы жүзеге асырылуда. Алғашқы өнімді де алдық. Дəлме-дəл егіншілік жобасының мəнісі – цифрлы технологияларды қолдану, жүйені автоматтандыру, сол арқылы мол өнімге қол жеткізу. Алғашқы қорытындысы бойынша дəлме-дəл егіншілік технологиясының үлкен пайда беретініне көз жеткіздік», - деді А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Кенже Абдуллаев.

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын қолдайтынын және бұл дер кезінде қабылданған құжат екенін жеткізді.
скачать dle 12.0
1 389 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх