Александр Иванович Бараев


Тарих беттері
Құрметті оқырман! Бүгіннен бастап аграрлық ғылым мен А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымдар туралы материалдар тізбегін жариялағалы отырмыз.

Александр Иванович Бараев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі,Ленин сыйлығыныңлауреаты,Социалистік Еңбек Ері.

А.И.Бараев (16.07.1908-08.09.1985)белгілі ғалым, Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығының лауреаты, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, тыңның бас агрономы.

Академик Александр Иванович Бараевтың есімі Қазақстан аумағында ғана емес, одан тысқары елдерде де таныс. Іргетасын қалап, өзі басшылық еткен Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты қазақстандық агрономия ғылымдарының көшбасшысы деген атағымен елімізден тысқары, атап айтқанда Ресей, Украина, Кавказ, Моңғолия, Үндістан, Болгария және т.б. елдерде де танымалдыққа ие болып, құрметпен аталды.

А.И.Бараев егіншілікте топырақты қорғау жүйесін ойлап тапқан ғалым. Бұл жүйеалқаптардың жоғары қабатындағы өсімдік сабақтары мен түптерін сақтай отырып топырақты сыдыра өңдеуге негізделеді. Осынау жаңалықтың арқасында аңызақта астық дақылдарынан мол өнім алу қол жеткізілді. Аталмыш жүйе үш басты мақсатты қамти алды: топырақты тозудан қорғады, оның құнарлылығын сақтай отырып, ылғалды барынша жинақтады. Ғалымның осы әдісі Батыс Сібір, Алтай өлкесі, Орынбор, Саратов, Волгоград, Ростов, Николаев, Запорожский, Полтавский және Ресей мен Украинаның өзге де облыстары алқаптарында енгізілді. Топырақты қорғауға арналған еңбегі үшін А.И.Бараевқа 1972 жылы Ленин сыйлығы табысталды. Ол сондай-ақ Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталды.

Александр Иванович Бараевтың 350 ғылыми жұмысы мен «Топырақты қорғау егіншілігі», «Жаздық бидай», «Қазақстанның солтүстігіндегі жаздық бидай» атты үш кітабы жарық көрді. «Құрмет белгісі», «Қазан төңкерісі» ордендерімен, екі мәрте Ленин орденімен, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысында адал еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Адал еңбегі үшін»ғ «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының жиырма жылдығы», «В.И.Лениннің туғанына 100-жылдығына орай адал еңбегі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының отыз жылдығы» медальдарымен марапатталған.

скачать dle 12.0
17 729 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх