БТО туралы


БТО / БТО туралы


«Шортанды» білім тарату орталығы
«Шортанды» білім тарату орталығы 2008 жылы ашылған, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Миссиясы: агробизнестің қажеттілігіне байланысты АӨК субъектілеріне оқыту іс-шараларын жүргізу және кеңес беру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне қазіргі заманғы және тиімді ауыл шаруашылығы технологиялары мен инновацияларды тарату және енгізу.
Қызметтің бағыттары Үкіметтің АӨК дамыту жөніндегі бағдарламаларын іске асыруға негізделген. «Шортанды» БТО аграрлық ғылым әзірлеген инновацияларды енгізу, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан жағдайында сынақтан өткен қазіргі заманғы әлемдік технологиялар трансферті бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.
Білім тарату жүйесінің негізгі іс-шаралары:
-ғылыми-практикалық және оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдер, дала семинарларын, егістік күндерін ұйымдастыру және өткізу;
- өсімдік шаруашылығының проблемалық мәселелері бойынша АӨК субъектілеріне кеңес беру.
Қызметтер:
"Шортанды" БТО АШТӨ және агрофирмалардың өтінімдері бойынша шарттық негізде оқыту семинарлары мен треннингтерді өткізеді
Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы заманауи ғылыми жетістіктер мен инновацияларға негізделген агробизнеске ғылыми қолдау көрсетеді.

Қосымша ақпарат алу және «Шортанды» МДМ өзара тиімді ынтымақтастық үшін:
WhatsApp +77051023209.
хабарласуға болады. 
скачать dle 12.0
2 412 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх