ҒЗИ саны 23-тен 12-ге қысқарады - Арман Евниев
Жаңалықтар
Қазақстанда АӨК саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының саны қысқарады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Сенатта ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы ғылым туралы заңнаманы жүзеге асыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» барысында мәлімдеді.
Вице-министр ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық ғылымды дамыту және технологиялар трансферті бойынша «Жол картасын» әзірлегенін атап өтті. «Қазіргі уақытта ол Үкіметтің қарауында және бірқатар жүйелі іс-шараларды қамтиды.
Ең алдымен, бұл қайталанатын ғылыми-зерттеу институттарын қысқарту, тәжірибелік станцияларды ұлғайту, бөлек басқаруды енгізу жолымен ұлттық ғылыми-білім беру орталығының құрылымын қайта ұйымдастыру», - деді Арман Евниев. Сонымен қатар, оның айтуынша, корпоративтік басқару стандарттарын енгізу жоспарлануда.
«Халықаралық тәжірибеде білімді енгізу және тарату орталықтарының саны ғылыми-зерттеу институттарының санынан басым. Мысалы, АҚШ - та бір институтқа 9 тәжірибелік станция, 290 білім тарату орталығы келеді. Бізде бір ҒЗИ-да 0,6 тәжірибелі станция мен 0,5 білім тарату орталықтары бар, яғни зерттеу базасы басым. Осыған байланысты ғылыми ұйымдардың санын оңтайландыру жүргізілуде, ҒЗИ саны 23-тен 12-ге дейін қысқарады, тәжірибелік станциялар саны 12-ден 19-ға дейін артады. Оларға қосымша базалық жеке меншік шаруашылықтар болады, онда тәжірибелік демонстрациялық іс - шаралар өткізілетін болады», - деп толықтырды Арман Евниев.
1 549 -рет қаралды