Күздік қара бидай мен күздік бидайдың ауыспалы егістегі орны және өсіру ерекшелектері


Ғылыми мақалалар


Күздік қара бидай және күздік бидай астық тұқымдастарына жатады. Бұл дақылдарды негізінен тағамдық, мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдаланылады. Солтүстік өңірлерде осы дақалдарды астыққа өсіргенде таза сүрі жер (парға) танабында және ықтырмалы парда өсіреді.

Күздік қара бидай, қара бидайға қарағанда тез өседі, қысқы аязға төзімді, көктемде ерте көк балауса беруімен ерекшеленді. Өңірлерде соңғы жылдары осы дақылдардың ауыспалы егіс құрылымындағы үлесі мүлдем аз 0,12%-ды құрайды, яғни дақылдардың көлемі шаруашылықтарда өте аз деуге болады.

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ауыспалы егістерді зерттейтін көп жылдық далалық стационарында күздік қара бидай және күздік бидай соңғы 30 жылдан бері өсіріліп келеді.

Бұрынғы жүргізілген зерттеулер ауыспалы егісте осы дақылдарды тыңайтқыш енгізілген таза ықтырмалы пар алғы дақылында ұзақ жылдар бойы өсіру жақсы нәтижелерін көрсетті. Алайда осы алғы дақылды (ықтырмалы парды) дайындау үшін 21 ай уақыт кетеді, ал өсірілген күздік қара бидай және күздік бидай дақылдардың өнімін жинау үшін қосымша тағыда 3-4 ай уақытты қажет етеді. Сонымен осы аталған дақылдарды өсіру үшін 2 жыл уақыт кетеді. Біздің астық өндірісін өндіретін шаруашылықтарға бұл тиімсіз алқаптар тиімді пайдаланылмайды және екі жыл уақыт күтуге тура келеді. Нарықтық экономика жағдайында фермерлер астық, көк балауса, пішен және т.б. өсімдік өнімін алуы қажет және финанстық таза пайда табуы керек. Бұдан басқа көктемгі ауа райының ерешелігене қарай ықтырмалы парда сирек болса су эрозиясы жүреді және жыл сайын жел эрозиясы болып тұрады.

Осы бағытта жүргізілген ғылыми жұмыстарға аталған дақылдарға ауыспалы егістегі өз орнын табу және өсіру технологиясына біршама өзгеріс енгізу қажет етеді.

Кейінгі жылдары аңыздық дақылдар танаптарына алғы дақылдар ретінде күздік қара бидай мен күздік бидай орналастырап өсірілуде.

Аңызыздық алғы дақылдарда өсірілген күздік дақылдар масақтану фазасынан өтуде. Егістік танаптардан 10-12 ц/га өнім күтілуде.

Ғылыми материалды дайындаған: Ауыспалы егіс тобының жетекші ғылыми қызметкері Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлыскачать dle 12.0
6 304 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх