Қазақстанда аграрлық ғылымды қаржыландыру 2,3 есеге өседі


Жаңалықтар


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілері үшін білімді тарату бойынша қызметтерді ұсыну тәсілдерін қайта қарады деп мәлімдеді. Осы мақсат үшін Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының еншілес компанияларының құрылымы өзгертілді, ол қазіргі кезде халықаралық стандарттардың талаптарына толық жауап береді және бизнестің қажеттіліктеріне бағытталған.

Министрдің айтуынша, республиканың ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелік станциялары, тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтары базасында 22 білім тарату орталығы құрылды, сондай-ақ тұрақты кеңес беру орталықтары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар аграрлық ғылымды қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алдағы үш жылға арналған мақсатты бағдарламалық қаржыландырудың жалпы көлемін 50,4 миллиард теңге көлемінде бекітті. Бұл алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Бұл ақшаны зерттеудің 10 басым бағыты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу және т.б.) бойынша 36 ғылыми-техникалық бағдарламалар жасауға жұмсау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, келесі жылдан бастап АӨК субъектілерінің ғылыми әзірлемелерді енгізу шығындарына субсидия енгізу жоспарланып отыр. Бұл заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін қосымша экономикалық ынталандыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар бизнес пен ғылымның интеграциясын қамтамасыз етеді.скачать dle 12.0
860 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх