ҰАҒБО-да 2018 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті
Жаңалықтар
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында 2018 жылғы өндірістік қызметтің нәтижесі және келесі жылдың жұмыс жоспарын құруға арналған алқалы жиын өтті. Іс-шараға ҰАҒБО-ға кіретін барлық еншілес ұйымдардың басшылары жиналды. Олардың қатарында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев та болды.
Жиналыс барысында 2018 жылдағы түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, жалпы түсімнің көлемі, астық балансы және алынған өнімді сату мәселелері талқыланды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдеріне 2019 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялау Ережелері таныстырылды.
Ауылдағы кәсіпкерлерге агробизнестің ең озық технологияларын жаппай оқытудың жүйесін енгізу үшін аймақтық ғылыми-өндірістік зерттеу орталықтарының, яғни білім тарату орталықтарының, агрополигондардың, агропарктер мен агроорталықтардың жұмыс істеу принциптері түсіндірілді.
1 303 -рет қаралды