Цифрландыру арқылы агрокешенді дамытуға арналған жиын өтті
Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да «Егін және өсімдік шаруашылығын цифрландыру арқылы агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуы» тақырыбында жиналыс өтті. Іс-шараға ҚР АШМ ҰАҒБО құрамына кіретін тәжірибелік шаруашылықтардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Жиын АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Осыдан кейін ҰАҒБО-ның активтерді басқару директоры Ержан Рахимов пен Бараев орталығының жетекші ғылыми қызметкері Юрченко В.А. сөз сөйледі.
Жиын барысында АШҒӨО-ның нақты егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері Заболотских В.В. орталықта енгізіліп жатқан нақты егіншілік жүйесімен таныстыра келе, нәтижелерді баяндады.
Қазақстанның әр өңірінен келген тәжірибелік шаруашылықтардың директорлары мен жұмыс тобының мүшелері ҰАҒБО базасы аясында агроорталықтар мен агропарк ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/388
1 482 -рет қаралды