Волькмар Хербст АШҒӨО-ның нақты егіншілік жүйесіндегі тәжірибелік учаскелерімен танысты
Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да нақты егіншілік әдістерін енгізу бойынша кеңесші германиялық Волькмар Хербст нақты егіншілік зертханасының меңгерушісі Владимир Скобликовпен бірге орталықтың техникалық базасымен танысып, жұмысын көріп қайтты.
Қонаққа нақты егіншілікке арналған метеостанциялар, тракторлар, егін салу кешені, топырақ өңдейтін ауыл шаруашылығы техникасы, тыңайтқыштар себетін және шашатын машиналар мен комбайндар көрсетілді.
Осыдан кейін егістік дақылдардың агротехникасы зертханасының меңгерушісі Артур Вернер нақты егіншілік жүйесіндегі егін себудің әртүрлі уақыты пайдаланылған тәжірибелік учаскелерімен, ал агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының меңгерушісі Яков Наздрачев әртүрлі тыңайтқыштар пайдаланылған тәжірибелік учаскелерімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар Германиядан келген сарапшы жаздық бидай егіндерін ұшқышсыз ұшатын аппараттар көмегімен бақылау жұмыстарына да қатысып, Бараев орталығында нақты егіншілік бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен толыққанды танысты.
2 030 -рет қаралды