АШҒӨО-ға нақты егіншілік әдістерін енгізу бойынша кеңесші Волькмар Хербст келді


Жаңалықтар
Бүгін германиялық маманның қатысуымен дөңгелек үстел-семинар ұйымдастырылды.


А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да Германиядан келген нақты егіншілік әдістерін енгізу бойынша кеңесші Волькмар Хербсттің 3 күндік сапары басталды.

Бүгін оның қатысуымен дөңгелек үстел-семинар ұйымдастырылды. Шарада Германия және басқа да елдерде нақты егіншілік жүйесін пайлану тәжірибесі сөз болып, фермерлік шаруашылықтарда нақты егіншілік технологиясының практикалық қолданыстағы мәселелері талқыланды.

Семинарға АШҒӨО-ның нақты егіншілік бойынша мамандары, ауыл шаруашылығы техникасы мен IT-технологияларды жеткізуші-компания өкілдері және фермерлер қатысты.

Жоспар бойынша В.Хербст Бараев орталығындағы пилоттық жобада іске асып жатқан нақты егіншілік технологиясымен танысып, осы саланың мамандарымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Осыған қоса ол картография, ұшқышсыз ұшатын аппараттардан және спутниктен алынған суреттер мен мәліметтерді өңдеу, егістің фитосанитарлық жағдайын IT-технологиялар көмегімен бақылау туралы сұрақтарға жауап беріп, тәжірибесімен бөліспек.

3 күнге созылатын шараның қорытындысы ретінде германиялық маман АШҒӨО-да қолға алынған нақты егіншілік жүйесін практика жүзінде енгізу туралы кеңес беріп, әріптестік бойынша өз ұсыныстарын ұсынады.


скачать dle 12.0
1 904 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх