Асқарбек Үйсімбаев «Дала күні-2018» шарасына дайындық барысымен танысты


Жаңалықтар
АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев  облыс әкімінің орынбасарынмен көпшілік назарына ұсынылатын тың жаңалықтарымен бөлісті.


Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы қызметкерлерімен егіс даласында кездесті. Қазір олар «Дала күні-2018» шарасын өткізуге дайындалып жатыр.

АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев  облыс әкімінің орынбасарын облыс диқандарының басын қосатын ауқымды шараға дайындық барысымен таныстыра келе көпшілік назарына ұсынылатын тың жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгінгі күні астық-шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жыл басынан бері іске асырылып жатқан «Нақты егіншілік» жобасының тың нәтижелері қуантып отыр. Орталық нақты егіншілік жүйесінің АҚШ, Германия, Швеция, Голландия және т.б. елдеріндегі озық үлгілерін енгізуді бастаған. Бұл ретте отандық ғалымдардың нұсқаулары толықтай ескерілген.

Қазақстанның солтүстіктегі астықты аймақтары оның ішінде Шортанды өңірі қазіргі таңда дайындалып жатқан жалпыұлттық электронды картаға енгізілгендігін тілге тиек еткен Асқарбек Үйсімбаев: «Аграрлық салаға цифрлық технологияны енгізу арқылы шығынды азайтып, табысты молайтуды көздейтін бұл жоба тиімді жүзеге асса еліміздің фермерлері үшін пайдасы ұшан-теңіз болмақ», деді.  

Айта кетейік, Бараев институты еліміз бойынша нақты егіншілік жүйесін дамытуды кешенді түрде бастаған бірден-бір аграрлық ғылым ордасы. Мұндағы жобаларды басқару орталығы ғалым-агрономдарды институт қарамағына кіретін егістік аудандарына арналған дәлме-дәл аналитикалық базамен қамтамасыз етіп отыр. Нақты егіншілік жүйесінің арқасында тұқымды себу мен егістікті гербицидтермен өңдеуде ысырапшылдық болмайды. Астық жинау науқанында да нақты егіншілік жүйесінің мәліметтері өте қажет. Қазіргі таңда орталық фермерлік шаруашылықтарға нақты егіншілік жүйесінің тек  топырақ құнарын зерттеу, егін егу кезінде ғана емес, жем-шөп дайындау, жайылым жерлерді анықтауда да тиімді әдіс-тәсілдеріне бағытталған ұсыныстарды дайындап жатыр.

Жантас ДҮЙСЕНБІ



скачать dle 12.0
1 935 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх