Бүгін - Александр Бараевтың туған күні
Жаңалықтар
Ол 1908 жылдың 16 шілдесіндеСанкт-Петербургқаласында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Балалық, жастықшағыОлонецк губерниясыныңВытегор уезінде өткен.Сол жердегі орта мектептітәмамдап, Самара ауылшаруашылығы институтына оқуға түседі.1930 жылы институтты аяқтаған жас маманбірден совхоздың басқарма басшысы қызметіне тағайындалады. Сонымен қатар ол жергілікті сұрыптау станциясының ғылыми қызметкері жұмысын жүргізеді.1950-1953 жж. Оралдағы астық сұрыптау станциясыныңдиректоры, 1953-1957 жж. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтыныңдиректоры , 1957 жылдан өмірінің соңына дейін (1985 жыл, 8 қыркүйек)Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі А.И.Бараев атындағыастық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы) директоры қызметтерін атқарған.
Ғылымда жеткентолағай жетістіктері үшін А.Бараевқа1966 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткеріатағы берілген.Ол1971 жылыауыл шаруашылығы ғылымдарыныңдокторы, профессоры атанады.1972 жылы Лениндік сыйлықтың иегеріболады. 2 мәрте Ленин орденімен, Октябрь революциясы, Құрмет белгісі және Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. 1980 жылы А.БараевқаСоциалистік Еңбек Еріатағы беріледі.
А.Бараев қазақтың ауылшаруашылығы ғылымына тыңжаңалық алып келген іріғалым. Олегіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі - топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты.Сонымен қатарауыспалы егіс танабында таза сүдігер жерді қолдануды, дәнді дақылдар егісін қысқа мерзімде аяқтауды ұсынды, өнімділігі аз шалғындар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту, көлдетіп суарылатын жерлерді мейлінше тиімді пайдалану, ортаң жерлерді игеру жүйелерін жасап, өндіріске енгізді.
А.Бараевтың басшылығыменҚазақ ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында топырақ баптайтын және тұқым себетін машиналардың жаңа түрлері (сыдыра жыртатын құралдар, аңызға тұқым себетін сеялкалар, ине тісті тырмалар) сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізу жұмыстарын жүргізген.
Ол: Обработка паров / МСХ КазССР. - Алма-Ата, 1958.; Основные положения по борьбе с водной и ветровой эрозией почв / соавт.: С.С. Соболев, А.С. Шамшин. - Москва: Сельхозиздат, 1962.; Почвозащитное земледелие, Москва, 1975; Берегите землю: (об эрозии почвы) / соавт.: В.И. Румянцев, Е.С. Павловский. - Москва: Знание, 1971.с.; Научно-технический прогресс в земледелии степных районов Казахстана. - Алма-Ата: Кайнар, 1972.; Яровая пшеница в Северном Казахстане, Алма-Ата, 1976; Яровая пшеница, Москва, 1978. және т.б. кітаптардың, 300 ден астам ғылыми мақаланың авторы.
1 854 -рет қаралды