ҰАҒБО сарапшылары Дүниежүзілік банкпен өткен келіссөздерге қатысты


Жаңалықтар


"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ (ҰАҒБО) сарапшылары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп "Мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасын" практикалық қолдау бойынша Дүниежүзілік банкпен бейне-келіссөздерге қатысты, деп хабарлайды Босс-Агро Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҰАҒБО жүйесінің еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты: Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (ҚазАТУ), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті.

Келіссөздер барысында қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы өзгерістерді және кейіннен жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді, сондай-ақ ұлттық және халықаралық сарапшылар әзірлеген ауыл шаруашылығы консультациясы стратегиясын іске асыру, жайылымдарды басқару мен жануарларды ұстаудың озық әдістері бойынша техникалық ұсынымдар мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, ғалымдар фермерлерге арналған рейтингтік оқыту тұжырымдамасына және «Қазақстанның жайылымдық ресурстары» веб-қосымшасына қатысты мәселелерді талқылады.
Жалпы алғанда тренингке 100000 фермер қатысады, оның 20000-ы әйел фермерлер. Оқыту процесі қашықтан және дәстүрлі режимде өтеді.скачать dle 12.0
1 029 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх