А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да үйлестіру кеңесі өтті


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО-да үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Орталықтың қызметкерлері және «Биология және өсімдіктердің биотехнологиясы институты» РМК, «Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығының тәжірибе станциясы» ЖШС, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК, «Ғылыми-өндірістік агроинженерия орталығы» ЖШС Қостанай филиалы өкілдері қатысты. Кеңес жұмысы барысында
жобалар қаралып, 2019 жылға арналған жылдық есебі бекітілді. Атап айтқанда, ол жобалар келесідей аталады: «Солтүстік Қазақстанның жағдайына арналған селекцияның классикалық әдістері мен заманауи биотехнологиялық тәсілдер негізінде құрғақшылыққа төзімді, мол өнім беретін жаздық бидай сұрпының селекциясы және тұқым шаруашылығы»;
«Қазақстанның солтүстігінде егіншіліктің түрлі технологияларын салыстырмалы зерттеудің негізінде ақпараттық технология құралдарын пайдаланып рентабелді өндіріске арналған өсіру технологияларының элементтерін, дифференциалды қоректендіру, өсімдіктерді қорғау құралдары мен техникасын қолдана отырып ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің нақты егіншілік жүйесін әзірлеу»;
«Ақмола облысында «демонстрациялық шаруашылықтар (полигондар)» принципі бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру барысында нақты егіншілік бойынша технология трансферті және бейімдеу».скачать dle 12.0
1 155 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх