Қазақстанның солтүстік аймағында агрополигон мен агропарктер құрылып жатыр


Жаңалықтар
Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге агробизнестің заманауи технологияларын үйрету бағытында Қазақстанның Солтүстік аймағында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығына» кіретін ұйымдар негізінде Аймақтық зерттеу орталықтары (АЗО) құрылды. Олар агрополигон, агропарк және агроорталықтар ретінде жұмыс істейді.

АЗО базасында келесі жұмыстар қолға алынады: өндіріске ең озық халықаралық тәжірибені енгізу, аймақ пен агроклиматтық зоналарға байланысты ең тиімді технологиялар негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді іс жүзінде көрсету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге білім беруді ұйымдастыру.

Осылайша агрополигон Ақмола облысындағы «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және Қостанай облысындағы «Заречное» тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС базаларында құрылды.

Ақмола облысында «Солтүстік» агропаркі және «Сары Арқа» агроорталығы құрылып жатыр.

«Солтүстік» агропаркіне жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады және әлемдегі заманауи агротехнологияларды елімізге тарту мақсатында шетелдік сарапшыларды шақыру жоспарда бар. Кейін бұл алынған білім Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне таратылады.

«Сары Арқа» агроорталығы базасында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сату бойынша білім беру іс-шаралары жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында астық шаруашылығы, мал азығы өндірісі, техникалық және майлы дақылдар бағытында 5 агроорталық құрылды.
скачать dle 12.0
1 835 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх