Қазақстанның Солтүстік аймағында дәнді, дәнді-бұршақ тұқымдас және майлы дақылдарды өсірудің қорүнемдеуші технологияларына экологиялық тұрғыдан баға беру
Орталық туралы / Жобалар
Қысқаша сипаттамасы: Қазақстанның Солтүстік аймағында дәнді, дәнді-бұршақ тұқымдас және майлы дақылдарды өсірудің қорүнемдеуші технологияларын агроэкологиялық және агрохимиялық тұрғыдан бағалау жүргізілді. Қорүнемдеуші технологияларды, минеральды тыңайтқыштарды, пестицидтерді ұзақ жылдар бойы қолданудың макро және микроэлементтер, ауыр металдар үлесіне, пестицидтердің қалдық мөлшеріне, топырақтағы микроағзаларға әсері анықталды. Топырақтың құнарлылығының ең жоғары және ең төменгі агрохимиялық көрсеткіштерінің түпкі ұйғарынды мөлшерлері анықталды.
Қолданылатын саласы, бәсекеге қабілеттілігі, патенті: таралу нарығы — жерді агрохимиялық және агроэкологиялық тұрғыдан бағалауды қажет ететін түрлі меншіктегі фермерлік және шаруа қожалығындағы шаруашылықтар болып табылады.
Іс жүзінде қолдануға әзірлік деңгейі: 100 пайыз.
Енгізу көлемі: стандартты агрохимиялық зерттеу (азот, фосфор, калий, рН, органикалық заттар) 50 га/1 ұңғыма (сынама алу тереңдігі 0-20 және 20-40 см) жағдайында ықтимал енгізу көлемі жылына — 20 000 га.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштері: экономикалық тиімділігі — минералды тыңайтқыштар түрлерін алқаптың қажет ететін бөліктеріне пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы дақылынан алынатын өнімнің артуы.
Бір ұңғыманың (0-20 және 20-40 см қабатта) құны: — 20 000 теңге.
Жобаны табыстаудың шарттары мен әдістері, әріптестік жолдары: келісім негізінде.
Жобаның авторлары, мекен-жай, телефон, факс, электронды пошта: Г.Н. Чуркина, К.К. Құнанбаев. «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Бараев көшесі, 1. Тел-факс: (8-71631) 23-0-29, 23-0-32, e-mail:info@baraev.kz
2 583 -рет қаралды