А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы


Орталық туралы
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасындағы егін және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталық. Ол Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып 1956 жылы құрылған. Кейін А.И. Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ҒЗИ болып өзгерді.  
Мақсаты: Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті сорттарды әзірлеу, ресурс үнемдейтін технологияларды жасап шығару және енгізу, ғылыми-білім беру қызметтерін ұсыну арқылы Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз ету.

Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары:

Егіншіліктің ресурс үнемдейтін жүйелерін жасап шығару

Әртүрлі дақылдары бар дақыл алмастыратын ауыспалы егістер жасап шығару, топырақ құнарлығын сақтау және жақсарту.

топырақты эрозиядан қорғау үшін оны өңдеу жүйелерін жасап шығару, топырақты механикалық әдіспен өңдеуді азайту немесе одан мүлдем бас тарту, өсімдіктерді қорғауда жетілген жүйелерді пайдалану.

ӨҚӘ-нің (өсімдіктерді қорғау әдістері) жаңа түрлерін пайдалану арқылы өсімдіктерді қорғауды жетілдіру және дақылдарды оңтайлы алмастырып, төзімді сұрыптар мен гибридтер пайдалану арқылы өсімдіктердің ауруларға, зиянкестерге және арам шөптерге қарсы төзімділігін арттыру.

Топырақты өңдеудің нөлдік және минималды жүйесін ескере отырып миниралды тыңайтқыштар, ауыспалы егіс және биопрепараттарды пайдалану жүйелерін жетілдіру.

Топыраққа барынша аз әсер ететін топырақ өңдеу саймандары мен егін егу машиналарын жасап шығару, егін егі технологияларын жетілдіру.

Өсімдіктердің генетикалық потенциалын арттыру.

Бидай, сұлу, арпа, бұршақ дәнділер, майлы және жарма дақылдарының гендік қорын қалыптастыру, осыған қоса жемшөптік дақылдарды жерсіндіру.

Селекциялық процесстің технологиясын жетілдіру және дәнді, бұршақ дәнді, майлы, жарма, жемшөптік дақылдардың бәсекеге қабілетті сұрыптары мен олардың тұқым шаруашылығын жасап шығару.

Дәнді, бұршақ дәнді, майлы, жарма және жемшөптік дақылдардың өзіндік тұқымдарын өндіру және сату.

АӨК саласында білім беру, технологияларды бейімдеу және трансферттеу.  

Агрохимиялық зерттеулер және астық, тұқым майы, жемшөп сапасының анализі бойынша қызмет көрсету.

Негізгі жетістіктер:

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО қызметкерлері жасап шығарған топырақты қорғау егіншілік жүйесі Сібір, Поволжье, Урал, Украинаның оңтүстігі мен Солтүстік Кавказда 61,4 млн. га және Қазақстанда 22 млн. га жерде пайдаланылады.  

Егіншілік шаруашылығын әртараптандыру концепциясы жасалып, енгізілді. Соның арқасында майлы, бұршақ дәнді және жемшөптік дақылдардың егістік алқаптары көбейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының 130-дан астам сұрпы жасалды.

Қазіргі кезде 20 дақыл және 50 сұрып бойынша өзіндік тұқым жасау жұмысы жүріп жатыр.
скачать dle 12.0
8 036 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх