АШҒӨО ғалымдары Шыңжаң ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен ынтымақтастық жайын талқылады
Жаңалықтар

Кездесу барысында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Бахыт Ирмулаев Орталықтың қызмет бағыты туралы айтып берді. Шыңжаң ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары Орталықтың астық дақылдары, атап айтқанда қатты және жұмсақ дақылдар сұрыптары селекциясы саласындағы ғылыми тәсілдеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын суару, нақты егіншілік және ауыл шаруашылығындағы заманауи техникаларды пайдалану тәжірибелеріне қызығушылық танытты.

Тараптар екі елдің институттары арасында өзаратиімді ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
1 581 -рет қаралды