А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ға Ливиядан делегация келді


Жаңалықтар
2019 жылдың 30 қыркүйегінде А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев "MFA business consulting Ltd" (Ливия) компаниясының басшысы Мухамед Фадильмен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады. К.Абдуллаев қонақтарға АШҒӨО қызметі, Солтүстік Қазақстанда жемазық өндірісін дамыту, Орталықтағы зерттеулердің нәтижелері және шетелдік әріптестермен бірлесіп қолданыс тапқан суарудың заманауи жүйесі туралы айтып берді.
Делегация мүшелеріне астық дақылдарының сапасын бағалау әдістері мен қондырғылары, он-лайн режимінде нақты егіншілік полигонын басқару процесін жүргізетін "Жобаларды басқару орталығы " жұмысы таныстырылды.
Ливия тарапы астық өндірісі саласында АШҒӨО ғалымдарының тәжірибелерін атап өтіп, астық және жемазықтық дақылдар сатып алуға қызығушылықтарын білдірді.скачать dle 12.0
906 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх