Моңғолияның ауыл шаруашылығы саласының өкілдері А.Бараев атындағы АШҒӨО-нда болды
Жаңалықтар

А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына «Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалог» жобасының аясында Моңғолияның ғылым және білім саласының өкілдері келді. АШҒӨО бас директоры, академик, профессор Кенже Абдуллаев моңғолиялық ғалымдармен кездесуде орталық қызметінің негізгі бағыттары мен зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік нәтижелері, нақты егіншілік жобасын басқару орталығының жұмысы туралы айтып берді. Жүздесу барысында ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.




1 726 -рет қаралды