Заманауи білім мен цифрлы технологиялар трансфері Қазақстанның аграрлық саласының дамуына серпін береді
Жаңалықтар
2019 жылдың 3 шілдесі күні «MFA business consulting Ltd» (Ливия) компаниясының өкілдері А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды.Компанияның бас директоры Мухамед Фадиль А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директорының орынбасары Бақыт Ирмулатовпен кездесіп, АӨК ғылыми-инновациялық дамуы саласындағы ортақ мүдделер мен өзара ынтымақтастықтың келешегін, сонымен қатар, екі елдің инновациялық технологиялары, білімі мен тәжірибесі трансферін талқылады. Трансфер – инновациялық қызметті іске асырудағы қажетті құрал. Тәжірибе ауыл шаруашылығы технологияларын енгізудің тиімді жолы АӨК ғылым және білім мекемелерінің әлеуетіне арқа сүйейтіндігін көрсетіп отыр. А.Бараев атындағы АШҒӨО – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы мен астық өндірісі саласындағы ірі ғылыми орталық. Мұнда өткен жылдан бері нақты егіншілік жобасы жүзеге асырылып келеді. Ливия делегациясы майлы және көпжылдық бұршақты дақылдар егілген сынақ жүргізу алқаптарын көріп, АШҒӨО қызметі мен зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік нәтижелерімен, сондай-ақ, нақты егіншілік жобасын басқару орталығының жұмысымен танысты
1 135 -рет қаралды