Американдық ғалымдар А.Бараев атындағы АШҒӨО-да болды


Жаңалықтар
Бүгін Техас университетінің өкілдері (АҚШ) А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды.
Сапар аясында шетелдік ғалымдар АШҒӨО бас директоры Кенже Қожахметұлы Абдуллаевпен кездесіп, жем-шөп өндіру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады және көпжылдық бұршақты және дәнді дақылдар, майлы және бұршақты дақылдарды далалық тәжірибе егістігін аралады.
Кездесу барысында АШҒӨО бас директоры америкалық әріптестермен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. К. Абдуллаев кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары және ғылыми-практикалық зерттеу нәтижелеріне арналған презентация жасады. Сондай-ақ делегация мүшелеріне Солтүстік Қазақстанда мал азығы өндірісінің дамуы туралы айтып, дәнді дақылдардың сапасын бағалаудың әдістері мен жабдықтары көрсетілді.
Делегация мүшелері жобаларды басқару орталығының мүмкіндіктерін жоғары бағалап, нақты егіншілік полигонын онлайн режимінде басқару процесін қадағалады. Нақты егіншілік-бұл спутниктік және компьютерлік технологиялар кешенін пайдалануға негізделген егіс өнімділігін басқару жүйесі. Бұл жоба үдерістерді оңтайландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді, және алынатын өнімнің тиімділігін, өнімділігін және жоғары сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, 2018 жылдан бастап А. Бараев атындағы АШҒӨОда ақылды технологияларды енгізу және өндірісті цифрландыру арқылы нақты егіншілік жобасы табысты жүзеге асырылуда.скачать dle 12.0
1 806 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх