Зерендіде биылғы дала жұмыстырының ерекшеліктеріне арналған жиын өтті
Жаңалықтар
Ақмола облысы Зеренді ауданында «2019 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданында дала жұмыстарының ерекшеліктері» тақырыбында агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кеңесі өтті.
Іс-шараға А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның егіншілік және инновациялық технологиялар бөлімінің ғылыми қызметкері Виктор Юрченко қатысты. Ол қызметкерлердің алдында сөз сөйлеп, 2019 жылы Ақмола облысының көктемгі егіс жұмыстары туралы презентация ұсынды. Жиналыс барысында фермерлердің, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен мамандарының сұрақтарына жауап берді.
Кеңес барысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің әртүрлі технологияларын қолдану және әртараптандыру мәселелері жазылған ұсыныстар таратылып, дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды себу агротехникасының негізгі мәселелері қаралды.
1 391 -рет қаралды