"Қазақстан Ғарыш Сапары"ҰК АҚ өкілдерімен кездесу өтті


Жаңалықтар
Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ мамандары ауыл шаруашылығына арналған ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктерін баяндап берді.А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында "Қазақстан Ғарыш Сапары "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының өкілдері, геосаяөнімдер басқармасының бастығы Гүлнар Қабжановамен, ҒЗЖ әдіснамасы бөлімінің бастығы Қазбек Бақтыбековпен, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі орталығының директоры Александр Люцпен кездесті.

Жиын барысында ғылыми орталық мамандары келушілерді қызметтің бағыттарымен және зерттеулердің ғылыми-практикалық нәтижелерімен, дәнді дақылдардың сапасын бағалау әдістерімен және жабдықтармен таныстырды, сондай-ақ нақты егіншілік жобасын басқару орталығының қызметімен таныстырды.

Өз кезегінде "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ мамандары ауыл шаруашылығына арналған ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктерін баяндап берді.

Кездесуде ынтымақтастықтың ортақ мәселелері, атап айтқанда, егіс алқаптарында өсірілетін дақылдардың өсіп-өну процесі, ластану деңгейі және аурулардың пайда болуын анықтау және ғарыштан мониторинг жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.скачать dle 12.0
1 569 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх