АШҒӨО-ға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді


Жаңалықтар
Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары барысында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылым-өндірістік орталығына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жексенбай Дүйсенбаев, Жәмила Нұрманбетова, Айгүл Нұркина мен Айзада Құрманова келді.

Елбасының бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына орай ғылыми орталықта Шортанды ауданының жастарымен кездесу өтті.

Халық қалаулары Бараев орталығының зертханаларын аралады, оларға ғылыми мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Кездесу барысында жас мамандарды ауыл шаруашылығы саласына тарту мәселесі айтылып, АӨК-тің табысты дамуындағы жастардың маңызды рөлі талқыланды.

«Біз орталығымызда жас ғалымдар мен қызметкерлерге көп көңіл бөлеміз. Оларға сенім артып, зертхана меңгерушісі сияқты қызметтерге тағайындап жатырмыз. Қазіргі кезде жас ғалымдарымыз Израиль, Дания және алыс-жақын шетелде білімін жетілдіріп, кәсібилігін шыңдап жатыр, - деді А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев.

Кездесуде депутаттар алдында Бараев орталығының қатты бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Руслан Жылқыбаев сөз сөйледі. Ол орталықтың жас ғалымдарымен бірлесіп, 2018 жылы «Дамса-2017» сортынан 46,5 центнер өнім алғаны туралы айтты. Осыған қоса қатысушылар алдында орталықтың полигонды басқару орталығының (ПБО) жетекшісі Александр Лисенович «Цифрландыру: нақты егіншілік элементтері» жобасын таныстырды.

Жиын соңында көп жылдық еңбектері ақталып, селекциялық жетістіктерге жеткен авторларға ақшалай сертификаттар табысталды.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/504
скачать dle 12.0
1 207 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх