АШҒӨО-да БАҚ өкілдері үшін пресс-тур өтті
Жаңалықтар
Шортанды ауданындағы Научный ауылында орналасқан А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығында «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру. АӨК саласына жаңа технологиялар енгізу» атты пресс-тур өтті. Іс-шара мемлекет басшысының 2023 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есе арттыру жөнінде тапсырмасы аясында жүзеге асты.
ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/379
Пресс-турды АШҒӨО мен Ақмола облысының аймақтық коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырды. Орталыққа келген БАҚ өкілдері арасында «Казахстанская правда», «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерінің, «Kokshe» телеарнасының және Аймақтық коммуникациялар қызметінің журналистері мен тілшілері болды.
БАҚ өкілдері АШҒӨО-ның ғылыми зертханаларында, Жобаларды басқару орталығында және орталық музейінде болып, жұмыс ретімен танысты.
Пресс-тур кезінде орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, мекемеде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауы нәтижесінде «А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында нақты егіншіліктің эксперименталды-технологиялық платформасын құру» жобасы қолға алынды және Ақмола облысындағы 3000 га алаңда нақты егіншілік полигоны құрылды. Онда минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап енгізудің технологиялық жаңалығы қарастырылған, оның арқасында қаржы көлемі 20-дан 40 пайызға дейін үнемделеді.
Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын (егіс кешендері, комбаиндар және т.б.) сатып алу үшін жарғылық капитал 1046,8 млн. теңгеге ұлғайтылды», - деді Кенже Абдуллаев.
Айта кетейік, 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 5 ғылыми жоба дайындалды, жалпы қаржыландыру сомасы 774,0 млн.теңгені құрайтын үш жоба мақұлданды, ал 2017 жылы ғылыми жобаларды қаржыландыру тек 250,0 млн теңгені құраған болатын.
Қазіргі уақытта 131 бюджеттік бағдарлама шеңберінде Орталықтың 13 өндірістік нысанына (гараж, қойма ғимараты және т. б.) 296,0 млн. теңге сомасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жарғыға сәйкес Орталық ғылыми қызметтен басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей тұқымдарын өндірумен де айналысады. 2017 жылмен салыстырғанда жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есеге артты және осы жылы шамамен 25,5 ц/га құрайды.
ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/379
1 468 -рет қаралды