АШҒӨО-да пресс-тур өтеді


Жаңалықтар

ҚР Президенті Н. Назарабаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында айтылған агроөнеркәсіп кешеніне "ақылды технологияларды" енгізу тапсырмасының жүзеге асу барысымен таныстыру мақсатында 2018 жылдың 14 қарашасында А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының пресс-тур ұйымдастырылмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында 2023 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есе арттыру жөнінде тапсырма берген еді. Ол үшін агроөнеркәсіптік кешенге "ақылды технологиялар" кеңінен енгізілу керек.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауы нәтижесінде «А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында нақты егіншіліктің эксперименталды-технологиялық платформасын құру» жобасы қолға алынды. Оның аясында ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын (егіс кешендері, комбайндар және т.б.) сатып алу үшін жарғылық капитал 1046,8 млн. теңгеге ұлғайтылды.


Осыған байланысты 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 5 ғылыми жоба дайындалды, жалпы қаржыландыру сомасы 774,0 млн.теңгені құрайтын үш жоба мақұлданды, ал 2017 жылы ғылыми жобаларды қаржыландыру тек 250,0 млн теңгені құраған.


«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС базасында «нақты егіншілік» элементтерін пайдалана отырып, пилоттық жоба әзірленді және Ақмола облысында 3000 га алаңда нақты егіншілік полигоны құрылды. Онда минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап енгізудің технологиялық жаңалығы қарастырылған, оның арқасында қаржы көлемі 20-дан 40 пайызға дейін үнемделеді.


Қазіргі уақытта 131 бюджеттік бағдарлама шеңберінде Орталықтың 13 өндірістік объектісіне (гараж, қойма ғимараты және т. б.) 296,0 млн. теңге сомасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Жарғыға сәйкес Орталық ғылыми қызметтен басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей тұқымдарын өндірумен де айналысады. 2017 жылмен салыстырғанда жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есеге артты және ағымдағы жылы шамамен 25,5 ц/га құрайды.


(салыстырмалыкесте)


Дақылдардың атауы2017 ж2018 жАуытқу
Урожайность, ц/гаУрожайность, ц/га(+, -)
Жаздық бидай9,722,7+13
немесе 2,3 есе
Оның ішінде, полигон9,725,9+16,2
Майлы дақылдар 48,2+4,2
Көпжылдық шөптер0,60,7+0,1
Аудан бойынша бидайдың орташа өнімділігі10,213,5+3,3


скачать dle 12.0
1 310 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх