Бараев орталығында егіншілік полигоны құрылды
Жаңалықтар
Биыл Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында нақты егіншілік полигоны құрылды.
Жалпы ауданы 3 мың гектарға жоспарланған жобаны жүзеге асыру үшін 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ғылыми өндірістік орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жобаның мақсаты – ауылшаруашылығының өнімділігін арттыру және шығындарды азайту. Бастаманың негізінде солтүстік аймақтардағы 15 млн гектар жерге заманауи технология қолданылмақ. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізіліп, биотехникалық әдістер бойынша жаздық бидайдың жаңа сорттарын шығару көзделіп отыр.
Кенже Абдуллаев, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры:
– Өнімнің жоғалып жатқаны екі нәрсеге байланысты болып тұр. Біріншісі технология, екіншісі сортқа байланысты. Селекцияға байланысты болғанда ыстыққа төзімді, ауруға төзімді үлкен сорттар шығару жағында үлкен мәселе қозғалып жатыр. 20-25 млн тоннаға дейін алам деп отырған кезде 12 центнер бір-ақ түсті. Ол сорттың ауруға төзімділігі жоқтығынан.
1 233 -рет қаралды