Аргентинаның озық технологияларын АӨК енгізудің келешегі талқыланды
Жаңалықтар
Аргентина бүгінгі таңда әлемнің дамыған аграрлық елдерінің қатарында.
Бүгін Т.С.Рақымбеков басшылық жасайтын "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" ҰАҚ-да "ҰАҒБО" ҰАҚ-ның еншілес ұйымдарымен, Аргентина ауыл шаруашылығы технологиялары Ұлттық институтының (INTA) Президенті Х. И. Бальбинмен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою алдындағы кездесу өтті. Іс шара барысында тараптар бірлескен қызметтің егжей-тегжейлі проблемалары мен даму келешегін қарастырды. Жиынға А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев та қатысты.
Аргентина бүгінгі таңда әлемнің дамыған аграрлық елдерінің қатарында және тамақ өнімдері мен агроөнеркәсіптік тауарлардың әлемдік өндірушісі. Экспорт көлемі аргентиналық экспорттың жалпы көлемінің 55% құрайды. Халқының саны 40 млн. адамға жететін Аргентина 400 млн. адамға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді, яғни әрбір аргентиналық ғаламдық кеңістіктің 10 адамын тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді деген сөз.
Аргентинаның халықаралық нарықтағы қазіргі орны тікелей Ұлттық ауыл шаруашылығы технологиясы институтының (INTA) көмегімен жүзеге асқан аграрлық ғылымның жетістіктеріне, сонымен қатар өндіріске жаңа озық технологияларды енгізудің нәтижесіне негізделген.
Айта кетейік, 2018 жылдың соңында "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" ҰАҚ делегациясы Аргентинаның Ұлттық ауыл шаруашылығы технологиясы институтының (INTA) бас кеңсесіне тәжірибе алмасу, аграрлық зерттеулер саласындағы әлемдік талаптарды анықтау және Қазақстанның жағдайында агротехнологиялардың тиімді трансфертін таңдау мақсатында іс сапармен барып қайтқан болатын.
1 629 -рет қаралды