АШҒӨО өсімдік қорғау және карантин ғылымына арналған халықаралық конференцияға қатысты
Жаңалықтар
Бүгін Алматы қаласында «Қазақстан Республикасында өсімдік қорғау және карантин ғылымының қалыптасуы және дамуы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шара ҚазӨҚКҒЗИ-дің негізі қалануының 60 жылдығына және Қазақстандағы өсімдік қорғау ғылымының 100 жылдығына арналды.
Конференцияның мақсаты – ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды өсімдік қорғау және карантин ғылымы саласындағы ең өзекті мәселелерді шешуге тарту, бірыңғай ғылыми-оқыту ортаны сақтау және дамыту, ғылыми жетістіктермен бөлісу.
Ғылыми жиынға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Кенже Абдуллаев та қатысты.
«Ж.Жиембаев атындағы ҚазӨҚКҒЗИ ұжымын бүгінгі 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ғылыми орданың жеткен жетістіктері өте көп. Сіздерге жақсылық пен сәттілік тілеймін», - деді К.Абдуллаев.
Конференция барысында өсімдік қорғау және карантин саласының проблемалары, жетістіктері мен даму бағыттары талқыланды. Халықаралық ғылыми жиынға Түркия, Қытай, Ресей, Польша, Германия, Венгрия, Украина, Өзбекстан мен Қырғызстан ғалымдары белсенді қатысты.
Конференция соңында қатысушылар өсімдік карантині бағытындағы зерттеулерді күшейтуге, диагностикалық зертханаларды көбейтуге, фитосанитария саласында құқықтық реттеуді қолға алуға, әріптестікті нығайтуға, сонымен қатар өсімдік қорғау және карантин саласында жаңа ұлттық стандарттар жасауға келісті.
ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/416
1 939 -рет қаралды