Экономиканың нақты секторы үшін мамандар дайындаудың өзектілігі талқынады


Жаңалықтар
2018 жылы 21 қыркүйек күні сағат 10.00-де С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ. Бас ғимарат, Жеңіс даңғылы 62) «Экономиканың нақты секторы үшін мамандар дайындаудағы Университет пен жұмыс берушілердің серіктестігі» тақырыбында Республикалық форум өткізеді.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.К.Евниев, «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев және 150-ден астам отандық, шетелдік агробизнес өкілдері, ассоциациялар, сондай- қоғамдық ұйым мен саяси партия өкілдері қатысады.

Форум барысында жоғары оқу орындарының білікті маман дайындауы, университет қызметкерлерінің қажеттіліктері, оқу ордасы түлектерді нарықтың шынайылығына толық бейімдеу барысындағы жаңа бағдарламалар және өзге де сұрақтар қарастырылады. Мұндай мәселелерде ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер арасында байланыс қажет.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті отандық нақты сектор үшін кадрларды даярлауға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасын әзірлеуі форумның өзектілігін көрсетеді. Бүгінгі таңда білім ордасы 86 мамандық бойынша, оның ішінде 14 аграрлық бағыт бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларды дайындайды.
скачать dle 12.0
1 613 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх