Ғылым мен өндіріс тандемі жоғары өнім алуға әкеледі
Жаңалықтар
Қазіргі кезде аграрлық ғылым ерекше назарда болуы керек. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, "аграрлық ғылым бірінші кезекте жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы тиіс".
Аграрлық сектордың ғалымдары агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың болашағы зор екенін көреді, сондықтан егер олар ғылым мен бизнестің өзара әрекеттесу механизмдерін қолданатын болса, онда олар ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларына инновацияларды енгізуге көмек көрсетуге дайын.
Мәселен А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы негізінде Білім тарату орталығы арқылы Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық құрылымдарының өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатылып, тұрақты түрде семинар-тренингтер, практикалық жаттығулары бар семинар жолға қойылған.
Биыл бұл жұмыс аграрлық ғалымдардың қатысуымен онлайн режимінде жалғасын тапты, тікелей эфирде олар белгіленген тақырыптың жай-күйі туралы және қандай да бір проблеманы шешу жолдары туралы ғылыми тұжырымдар берді және қызығушылық танытқан адамның сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ жыл сайын егін егу және егін жинау сияқты маңызды ауылшаруашылық науқандары басталмас бұрын, ауа-райы мен аймақтардың топырақ жағдайын ескере отырып, орталық ғалымдары фермерлерге үлкен сұранысқа ие ұсыныстар дайындады, биыл бұл материалдар аграрлық сала қызметкерлерінің қолданушыларына ыңғайлы болу үшін әлеуметтік желілер арқылы таратылды.
1 049 -рет қаралды