АШҒӨО қызметкерлері халықаралық конференцияға қатысты
Жаңалықтар
Ресейдің Ижевск қаласындағы «Ижевск мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясында» ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, РФ ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Валентина Макарованың 90 жылдығына орай «Заманауи АӨК-ке – тиімді технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның қызметкерлері – генофонд зертханасының меңгерушісі Юрий Долинный және көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің ғылыми қызметкері В.Островский қатысты.
Конференцияға Ресей мен жақын шетелдегі аграрлық және техникалық бағыттағы 45-тен аса жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан 500-ге жуық ғалым атсалысты.
Халықаралық конференцияның қорытындысы ретінде ҒДРИ (Ғылыми дәйексөз келтірудің Ресейлік индексі) бағаланатын ғылыми мақалалардың электронды жиынтығы жарияланады. Ғылыми материалдардың жиынтығын қызығушылық танытқан оқырман Ресей Ғылыми электронды кітапханасының сайтынан (www.elibrary.ru) таба алады.
1 938 -рет қаралды