Ғылыми өндірістік орталық қызметкерлері ресейлік ғылыми зерттеу институтының басшысымен кездесті


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО қызметкерлері Мәскеу қаласында Ресей зияткерлік меншік ғылыми-зерттеу институтының басшысы Владимир Лопатинмен кездесті.

Іс-шараға Бараев орталығы бас директорының коммерцияландыру бойынша орынбасары Бекешев Б.Ж. және мекеменің коммерцияландыру және даму жөніндегі бас маманы Мут О.А. қатысты.

Кездесу барысында тараптар орталықтың селекциялық жетістіктерін заңмен қорғап, оны ары қарай коммерцияландыру бағытында жұмыстар жүргізу мүмкіндіктерін талқылады. Осыған қоса ресейлік институттың АШҒӨО-ның бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобаларына шетелдік ғылыми орталық ретінде шақырту мәселесі айтылды.
скачать dle 12.0
1 412 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх