I АgroLab Networking іс-шарасына АШҒӨО-ның жас ғалымдары қатысты
Жаңалықтар
Назарбаев Университетінде (Nazarbayev University Research and Innovation System) жас ғалымдар арасында «Аграрлы ғылым. Болашақ бүгіннен басталады» І АgroLab Networking жиыны өтті.
Іс-шараға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның жас ғалымдары қатысты. Олардың қатарында, институтымыздың Микробиология, экология және анализ бөлімінің меңгерушісі Қайрат Құнанбаев, Далалық дақылдардың агрохимиясы және өсімдік шаруашылығының диверсификациясы зертханасының меңгерушісі Артур Вернер, Жаздық бидай зертханасының аға ғылыми қызметкері Евгений Тен, Ауруларға, зиянкестерге және арамшөптерге қарсы агрохимиялық және химиялық әдістер зертханасының ғылыми қызметкері Алёна Харитонова, Агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының кіші ғылыми қызметкері Перизат Назарова, Биохимия және селекция сапасы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Оксана Крадецкая бар.
АgroLab Networking – зерттеу орталықтарының ғылыми жобаларын, жас ғалымдар ғылыми материалдарын саралап, технологияларды нарыққа енгізу жолдарын талқылауға арналған тәжірибе алмасудың арнайы алаңына айналған.
Биылғы АgroLab пікірталас алаңында жас ғалымдар ауыл шаруашылығындағы гендік селекция, «жасыл» технология, молекулалық биология мен «ақылды» егіншілік сияқты заманауи технологиялар мен трендтерге қатысты ой бөлісті.
Іс-шара аясында қатысушылар үшін стратегиялық жоспарлау мен жобалық басқару бойынша арнайы оқу сессия да өтті.
Айта кетейік, биылғы жиынды құрамында 15 ҒЗИ мен 18 тәжірибелік шаруашылықты біріктіретін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» (ҰАҒБО) ұйымдастырды.

1 333 -рет қаралды