Агротехнологияның әлеуеті зор


Жаңалықтар
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында агроөнеркəсіптік кешенге арнайы тоқталып, осы саланың бүкіл əлеуетін толығымен пайдалану керектігін айтты. Өте орынды мəселелер қамтылды. Себебі еліміздің АӨК əлеуеті өте зор. Оны толық пайдалану үшін Елбасы айтып өткендей, тиісті агротехнологиялардың барлығын қолдануымыз керек, сонда мол өнімге қол жеткіземіз.

Астықтың өнімділігін, шығымдылығын арттыра аламыз. Мемлекет басшысы мысал ретінде «Атамекен агро» аясында жүзеге асырылып жатқан шаруаларды айтып өтті. Біз Бараев орталығы «Атамекен агро» шаруа қожа лы ғымен бірлесіп, 500 гектар жерге Бараев орталығының бидай сортын ектік. Нəтижесінде қожалық жоғары өнімге қол жеткізді. Бүгінде олар 40-60 центнерден астық алып отыр.

Биылдан бастап А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында 3 мың гектар жерде дəлме-дəл егіншілік жобасы жүзеге асырылуда. Алғашқы өнімді де алдық. Дəлме-дəл егіншілік жобасының мəнісі – цифрлы технологияларды қолдану, жүйені автоматтандыру, сол арқылы мол өнімге қол жеткізу. Алғашқы қорытындысы бойынша дəлме-дəл егіншілік технологиясының үлкен пайда беретініне көз жеткіздік.


Біріншіден, жыл сайын тыңайтқышқа жұмсалатын шығын 20 процентке азайды, химикаттарға жұмсалатын шығын көлемі де 40 процентке кеміді. Өнімділік былтыр 10-11 центнер шамасында болса, биыл гектарына орташа есеппен 26,6 центнерден шықты. Яғни 1-1,5 есеге жуық артық өнім алып отырмыз. Мұның барлығы дəлме-дəл егіншілік жобасының, заманауи агротехнологияның арқасы. Елбасы бұл мəселеге дер кезінде мəн беріп отыр. Еліміздің ауылшаруашылық тауарын өндірушілер осы мəселеге мəн берсе, агроөнеркəсіптік кешеннің əлеуеті қуатты болары сөзсіз.

Кенже АБДУЛЛАЕВ,
А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы
ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
скачать dle 12.0
1 431 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх