KAZ | RUS | ENG

Италиялық өндірушілермен әріптестік орнатылады

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ға Италияның Бари Университетінің және «Fergus Kazakhstan» компаниясының өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Астық шаруашылығымен айналысатын мекеменің өкілдері Бараев орталығының қатты бидай селекциясы зертханасында болып, бидай сорттарымен және орталықтың жұмыс барысымен танысты.

АШҒӨО-ның бас директоры Кенже Абдуллаевпен болған кездесуде олар болашақтағы жоспарлармен бөлісіп, әріптестік мәселесін талқылады.

Айта кетейік, «Fergus Kazakhstan» – қазақстандық замануи астық-трейдинг компаниясы. Олар астық, май және бұршақ дақылдары экспортымен айналысады.
скачать dle 12.0
63 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх