KAZ | RUS | ENG

ШОРТАНДЫЛЫҚ ЖАЛПАҚМАСАҚТЫ - жалпақмасақты еркекшөп

Сорт авторлары: Р.М. Абдрашитова, Н.И. Филиппова, С.М. Дашкевич, И.В. Вергун.
Пішенге жинауға дейінгі өсіп-өну кезеңі — 64 күн, тұқымының жетілу мерзімі — 102 (94-108) күн. Өсімдіктер арасында жұқпалы аурулар таралған жылдары Шортандылық жалпақмасақты сортының сабақты зақымдайтын зең мен қаракүйеге төзімділігі орта деңгейде болады. Сорт қысқы салқынға және құрғақшылыққа айрықша төзімділігімен, шабындықта ұзақ жыл тұратындығымен ерекшеленеді. Шабындық ретінде де, жайылым ретінде де пайдалануға болады.

Алты жылғы зерттеулер қорытындысында анықталғандай, көк күйіндегі орташа шығымдылығы гектарына 91,7 центнерге дейін жетеді, кептірілген күйінде гектарына — 49,1 центнер, тұқымы гектарына — 2,7 центнер. Салыстыру үшін, Қарабалықтық 202 сорты бойынша бұл көрсеткіштер тиісінше: 79,4; 42,3 және 2,2 ц/га. Жапырақтары сабақ бойына тепе-теңдікпен орналасады, жапырақтың үлесі — 45,3 пайыз.

Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі — 10,1-11 пайыз, шикі клетчатка — 28,0-28,8 пайыз, сіңімді протеин — 5,63-6,0 пайыз, ауыспалы қуат — 9,14 мДж, азықтық бірлік — 0,68 кг/кг болады.

Сорт 2011 жылы Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Солтүстік Қазақстан облысында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
125 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх