"Батыр" - жалпақмасақты еркекшөп
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Р.М. Абдрашитова, Е.В. Колесникова, О.С. Хориков, В.В. Плахотник.
Көктемгі қаулап шыққан шағында жердің үстіңгі қабатындағы бөлігі тез әрі күшті боп өседі. Пішенге әзір боп, пісіп-жетілгенге (12-17 маусым) дейінгі өсіп-өну кезеңі (бір рет гүлдеу мерзімі) — 48-65 күнді, тұқымы жетілгенге дейінгі кезең 87-98 күнді құрайды.
Батыр сортының сабақты зақымдайтын, сондай-ақ, құба зеңге, тозаңды қаракүйеге төзімділігі — орта деңгейде, қысқы салқынға және құрғақшылыққа шыдамды, шабындықта ұзақ жылдар сақталады. Орып алуға да, жайылым ретінде пайдалануға да болады.
Көк шөбінің орташа шығымдылығы гектарына 90,5 центнерге дейін, кептірілген шөп күйінде — гектарына 47,1 центнерге дейін жетеді, тұқымдық өнімділігі гектарына 2,0-3,5 центнер аралығында болады. Жапырақтары сабақта тепе-теңдікпен орналасады, жапырақтың үлесі — 41,0 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы — 2,7 г.
Кептірілген шөпте шикі протеиннің үлесі — 11,1-12 пайыз аралығында, шикі клетчатка — 28,0-29,5 пайыз, сіңімді протеин — 5,8-6,2 пайыз, ауыспалы қуат — 9,25 мДж, азықтық бірлік — 0,69 кг/кг болады.
Сорт 1992 жылы Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
3 204 -рет қаралды