KAZ | RUS | ENG

АӨК-ні цифрландыру: Қазақстанда 20 цифрлық ферма құрылады

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты.
«Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіп кешенінде 5 жыл ішінде еңбек өнімділігінің артуы және қайта өңделген ауыл шарушылық өнімдерінің экспорты кемінде 2,5 есеге өсуі көп дәрежеде АӨК-нің цифрландыру есебінен қамтамасыз етіледі. АӨК-ні цифрландыру аясында бүкіл республика бойынша кем дегенде 20 цифрлық ферма және 4000 алдыңғы қатарлы фермалар құрылады және процестер мен мемлекеттік қызметтерді 100 пайыздық автоматтандыру қамтамасыз етіледі», - деді ол. Оның айтуынша, цифрландыру фермер және оның қызметін басынан бастап сатуға дейін жеңілдетуге бағытталады.

«Канада, Түркия, Австралия, Германия, АҚШ сияқты елдердің тәжірибесі мемлекеттің фермер қызметінің әр кезеңінде жағдай жасайтынын көрсетеді. Мысалы, Түркияда фермерлерді тіркеу жүйесі бар. Онда жеңілдетілген қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алуға болады. «АӨК-ні цифрландыру аясында жылдам онлайн-қарыз беру, ауа райын талдау және болжамдау, өсімдік өнімін жоспарлау, баға мониторингі және тағы басқалары туралы жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін пайдалану жоспарлануда», - деді Арман Евниев.

Сонымен қатар оның айтуынша, 2020 жылдан бастап жеке IT-компанияларды тарта отырып, онлайн оқытуды бастау жоспарлануда.

«Онлайн-кеңес беруді енгізу фермерге кәсіпкерлік, фермерлік шаруашылық, агрономия, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және басқалар бойынша қажетті кеңестер алуға мүмкіндік береді және мамандарды іздеу мен тарту шығындарын азайтады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ілкі режімде АӨК-нің 200 субъектісіне ақысыз негізде тегін қашықтықтан кеңес берді. Интернетте кеңес берудің іске қосылуы 2020 жылдан бастап IT-компанияларды тарту арқылы толығымен іске асырылатын болады», - деді ол.скачать dle 12.0
36 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх