АӨК цифрландыру - заман талабы
Жаңалықтар
«Атамекен» ҚР ҰКП ІТ- Кеңесі «Ұлттық Ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен Астана-ЭСКПО аймағындағы Astana Hub алаңында цифрландыру тақырыбына арналған Digital Arena - 2 форумы өтті.
Басқосуға цифрландруға жетекшілік ететін (CDO (Chief Digital Officer)) төрт жауапты вице-министр- Арман Евниев (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі), Динара Щеглова (Dinara Chsheglova) (ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі), Тоқтабаев Тимур (ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі), Марат Нұрғожин (ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі), сондай - ақ, арнайы қонақ ретінде Be In Tech компаниясының басшысы- Бағдат Мусин (Bagdat Mussin) қатысты.
Басқосуға келген вице-министрлер IT-нарығының өкілдерімен Ашық диалог жүргізіп, жоспарлармен бөлісіп, бизнеспен тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев ауылшаруашылығы саласын цифрландыру процесінде алда тұрған міндеттерімен бөлісті.
«Мемлекет басшысы жыл басында АӨК дамыту туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Отандық өнімдердің санын ұлғайтып импорт көлемін шектеуге, экспорттауға мән бере отырып, бес есе ұлғайтуды тапсырған еді. Қазіргі уақытта ауылшаруашылығының екі ірі саласы ол өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының 25 бағытын дамыту арқылы елімізде агрокәсіпкерлікті ІТ шешімдерсіз қолға алып дамыту мүмкін емес»,-деді вице-министр.
Оның ойынша ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге ақпарат жетпейді. Соның салдарынан өкінішке қарай бүтіндей бір сектордың дамуы баяу.
«Қазіргі таңда еліміздегі ең ірі екі ЖОО цифрландыру жүйесіне байланысты арнайы мамандарды дайындауды қолға алды. Онымен қоса әлемдегі ең озық технологияларды мысалы Канада мен Түркиядағы фермерлердің тәжірибелерін жергілікті фермерлерге там тұмдап жеткізіп жатырмыз. Бірақ бұл тым аз. Бізге Е-агроном, Е-ветеринар, Е-Селекция, AgroUber сияқты жобаларды қолға алу керек. Мемлекеттік субсидиялауды автоматтандыру сервистік қызметі де ауылшаруашылығы саласына ауадай қажет»,- деді Арман Евниев.
ҚР АШМ вице- министрі сонымен қоса нақты егіншілік жүйесі негізінде еліміздегі үш аймақта полигон ашылғанын (Ақмола облысы- «Шортанды» полигоны; Алматы облысы- «Қаскелең» полигоны; Қостанай облысы- «Заречный» полигоны), олардағы цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тың жобалар туралы баяндады.
1 706 -рет қаралды